БҚО-да екі көпір пайдалануға беріледі

780

БҚО-да екі көпір пайдалануға беріледі

Батыс Қазақстан облысындағы Мичурин және Макаров ауылдық округтерге қарасты бірнеше елді мекеннің тұрғындары енді облыс орталығына жету үшін кермелі көпір арқылы қатынайтын болады, деп хабарлайды 24Хабар.

Айта кету керек, Садовая ауылының тұрғындары осыған дейін өзеннен өту үшін жасанды салдың көмегіне жүгінетін. Былтыр күзде осы Зеленый және Садовая ауылдарының аумағында қос көпірдің құрылысы басталды. Зеленый ауылындағы көпір құрылысына жергілікті бюджеттен 55 миллион, ал Садоваядағы көпір құрылысына жергілікті бюджеттен 35 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазір аталған нысандардың құрылысы аяқтала келді. Алайда мердігер кәсіпорын "Уральскстройинвест" ЖШС нысанды тапсыруға асығар емес. Макаров ауылдық округінің әкімі Нәсіпқали Қуанышевтың айтуынша, жауапты кәсіпорын құрылысты осы ақпан айында аяқтауға міндеттеме алған. Дегенмен жарықтандыру секілді ұсақ-түйек жұмыстарының бітпеуіне байланысты халықтың игілігіне берілмей отыр.

"Әзірге тұрғындардың мұз үстімен өтіп жатқаны рас. Құрылысшылар дәл осы аумақтағы мұзды жасанды әдіспен қалыңдатты. Дегенмен қауіпсіздік шарасын ескеріп, әзірге көпірден өтуге болмайтыны жөнінде хабарлама жазып қойдық. Бірінші наурыздан бастап пайдалануға беріледі", – дейді Нәсіпқали Қуанышев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу