БҚО-да екі тұрғынды жылан шағып алды

450

Олар уды асқындырмай тұрып ауруханаға барған.

БҚО-да екі тұрғынды жылан шағып алды Фото: Janalyq.kz

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәдіметінше, биыл жылан шағып алған екі адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ басқарма жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керектігін айтты.

"Зардап шегушіні көлденең қалыпқа жатқызып, тыныштандыру керек. Зақымдалған аймақтан киім мен әшекейлерді шешіп тастаңыз, бұл қан айналымының бұзылуына және ісінуді күшейтуі мүмкін.

Егер шаққан жыланның улы екені белгілі болса, алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары дереу жүзеге асырыла бастайды. Тістеген жерді жіппен немесе басқа құралдармен жоғары тартып байлап, шұғыл түрде жақын жердегі жедел жәрдем бөліміне бару керек", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу