БҚО-да экспедитордың 1,8 млн теңге ақшасын тартып алған екі жас жігіт ұсталды

490

Оқиға 1 сәуір күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған.

БҚО-да экспедитордың 1,8 млн теңге ақшасын тартып алған екі жас жігіт ұсталды Фото: polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz  polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жас жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 млн теңге ақшасы салынған пакетті тартып алған.

"1990 жылғы жәбірленуші шабуыл жасағандардың бетперде киіп келіп, бетінен бірнеше рет соққы жасағанын айтты. Ақшаны тартып алғаннан кейін қарақшылар оқиға орнынан "ВАЗ-2115" автокөлігімен бой тасалаған. 1996 және 1997 жылғы күдіктілер қолға түсіп, тергеу изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.

ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу