БҚО-да ерекше қорғалатын аумақтағы ағаштар оталған

905

"Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

БҚО-да ерекше қорғалатын аумақтағы ағаштар оталған

Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын аумақтағы ағаштарды кесіп тастаған ер адам жауапқа тартылуда. Өз кезегінде ол мұны учаске бастығының нұсқауымен жасағанын алға тартып отыр, деп жазды inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, 24 қыркүйек күні Теректі ауданындағы ерекше қорғалатын аумақта жұмысшы 53 ағашты отап тастайды. Қазіргі күні оның әрекеті заңсыз деп есептеліп, келтірілген шығын 512 032 теңгеге есептеліп отыр. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 340-бабының 3-бөлігі, яғни "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Айта кетейік, Орал қаласында да былтыр жаз мезгілінде де осындай дау болған еді. Ол кезде "Омега" зауытының бұрынғы ғимараты жанындағы ұзақ жылдан бері жайқалып өсіп тұрған қарағайлар оталып тастаған. Кейін оның орнына егілген көшеттердің дені дұрыс суарылмауы себепті қурап қалған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу