БҚО-да ерекше мұқтаждығы бар адамдарға арналған үй салынды

809

БҚО-да ерекше мұқтаждығы бар адамдарға арналған үй салынды

Батыс Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған үй салынады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Биылғы жылдың 1 наурызында, Алғыс ату күнінде облыс орталығына ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін үйдің іргетасын қалау рәсімі болып өтті, – деді БҚО әкімі Алтай Көгінов БҚО "Рухани жаңғыру бағдарламасын" іске асыру жөніндегі баспасөз мәслихатында.

Мекеме 50 адамды қабылдай алады. Облыс әкімінің айтуынша, аталған нысанның құрылысы аудандық меценаттар есебінен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, бұл меценаттар ақшасымен салынған жалғыз объект емес.

"2017 жылы меценаттар есебінен бөлінген ​​2,5 млрд теңгеге 60 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан, 5 мәдениет нысаны салынды және жөндеуден өткізілді. 24 нысанда абаттандыру жұмыстары атқарылды. Биыл да осы жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асырылатын болады", – деді БҚО әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу