БҚО-да есірткіге масайған жүргізуші үш баланы қағып кетті

449

Жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.

БҚО-да есірткіге масайған жүргізуші үш баланы қағып кетті

ГАЗ-53 автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші 30 мектепке қарама-қарсы аялдамасында 3 кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті. Жол апаты салдарынан 2009, 2010, 2011 жылғы кәмелетке толмаған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медициналық сараптамаға сәйкес жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудан туындаған есірткіге мас болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу