БҚО-да газ баллондарын орнатқан көліктер жаппай тексеріліп жатыр

115

Жыл басынан бері Оралда 634 өрт оқиғасы тіркелсе, соның 127-сінде автомобильдер жанған.  

БҚО-да газ баллондарын орнатқан көліктер жаппай тексеріліп жатыр Фото: uralskweek.kz

Осыған байланысты "Газбаллон" акциясы аясында газ жабдықтарын заңсыз орнатқан көліктер анықталып, жаппай тексеріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Газбен жүретін автомобильдердің жерасты тұрақтарына қойылмауы да басты назарда. Төтеншеліктер сонымен қатар тұрмыстық баллондарды тұрғын үйде сақтауға болмайтынын және автогаз құю қосындарында толтыруға тыйым салынғанын айтады.

– Қазіргі уақытта тұрмыстық газ баллондарын нақты толтыратын орындар қала аумағында жоқ. Осындай олқылықтардың алдын алу бойынша барлық мүдделі органдарға хат жолданған болатын. Ол бойынша жұмыстанып жатырмыз. Қазіргі уақытта нақты шешім шыққан жоқ, – деді БҚО ТЖД басқарма басшысының орынбасары Нұрсұлтан Серіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу