БҚО-да инспектор атылған оқтан көз жұмды

1073

Болжам бойынша, "қару абайсызда атылып кеткен".  

БҚО-да инспектор атылған оқтан көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында аумақтық инспекцияның қызметкері байқаусыз атылған оқтан көз жұмған. Алайда оқиғаның жай-жапсары тергеліп жатқандықтан, жарияланбай отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 09:30 шамасында болған. Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов абайсызда қолданған қарудан қайтыс болады. Жергілікті полиция департаменті әзірге басқа ешқандай ақпарат бере алмайтындарын жеткізді.

Дегенмен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желі арқылы 1977 жылғы инспектордың браконьерлердің қолынан қаза тапқанын теріске шығарды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу