БҚО-да қарбыз сататын жігіт жұлдызға айналды

1389

Ол жолдың бойында жай тұрмай, билеп тұрады.

БҚО-да қарбыз сататын жігіт жұлдызға айналды

Орал қаласына қатынайтын трассаның бойында қарбыз сататын Талғат Әжіғалиев аяқ астынан әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. БҚО Тасқала ауданы Амангелді ауылында туып-өскен жігіт осымен үшінші жыл батыс аймақ түгел тұтынып отырған Тайпақ жерінің қауын-қарбызын сатады екен. Биыл ол колледжден аспаз мамандығын алып шыққан. Бірақ, дипломы қолына тиер-тиместен пандемия басталып, карантин жарияланады. 

"Сауда жасап тұрғанда барлығын байқап тұрасың. Мен де өзімнің, клиенттерімнің қазіргі жағдайдан зерігіп, жалыға бастағанын байқайтын едім. Адамдар әр нәрсені ойлап, өздерімен өздері өтіп жатады. Содан көңіліміз көтеріңкі болсын деген оймен билей бастадым", – дейді Талғат.

Қарбыз сатушысы оның билерін видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіде таратып жібергеннен кейін алушыларының саны күрт өскенін жасырмайды. Кенеттен пайда болған "маркетингтік қадамның" ықпалы соншалық, тек қана Талғаттың қауын-қарбызын сатып алуға шақырған "жанкүйерлер" де пайда болыпты. 

Талғат Әжіғалиев – көп балалы отбасының тұңғышы екен. Ауылда тұратын үй-іші, ата-әжесі оның танымал болғанын басқалардан естіп-біліпті. Талғаттың айтуынша, кезінде ол Көңілділер мен тапқырлар клубында (КВН) кейіннен белгілі музыкалық ұжымға айналған айналған "Raim&Artur" әншілерімен бірге ойнаған, қазіргі күні де жол бойында көбінесе жерлестерінің өлеңдерін қойып, соған билейді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу