БҚО-да қарудан оқ атып, үш адамды жарақаттаған күдікті ұсталды

352

Күдіктінің мылтығы әйелінің атына тіркелген.

БҚО-да қарудан оқ атып, үш адамды жарақаттаған күдікті ұсталды Фото: inbusiness.kz

Батыс Қазақстан облысында оқ атып, үш адамды жарақаттаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қыркүйек күні Сырым ауданы Аралтөбе ауылында шаруа қожалығының басшысы мас күйінде ауыл тұрғынымен жанжалға келіп, арты төбелеске ұласқан.

Департамент бастығының сөзіне қарағанда, сол кезде күдікті өзінің "Lexus" автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, қарсыласына қарай бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан аталған тұрғын сол жамбасына және аяғына жарақат алды. Оған қоса 59 жастағы әйел мен оның екі жасар немересіне оқ тиген. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан "Lexus" автокөлігімен бой тасалаған.

"Сол күні адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті жедел іздестіру шараларын қолға алды. "Тосқауыл" жедел жоспары енгізіліп, өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берілді.

Соның нәтижесінде күдікті ұсталып, Сырым аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр, олардың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетін болады", деді А.Оразалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу