БҚО-да қатты аяз салдарынан ауыл тұрғындары газсыз қалды

535

Батыс Қазақстан облысында қатты аязда ауыл тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

БҚО-да қатты аяз салдарынан ауыл тұрғындары газсыз қалды Фото: inform.kz

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 қаңтар күні Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Горбунов ауылында болған.

"Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда айырылған. Салдарынан 31 абонент газсыз қалды. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры "Әлия сервис" ЖШС жеке ұйымына тиесілі. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстарына аталған ЖШС-дан 4 қызметкер, 1 техника және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-дан 4 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар осы ауданның Трекин ауылында газ қысымы төмендеп кеткен. Қазір қысым төмендеген газды реттеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу