БҚО Тасқала ауданының орталығы Тасқала ауылында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қатты соққан жел 24 ақпан күні екі көпқабатты үйдің электр желісін үзіп тастап, соның салдарынан 41 пәтер бірнеше күн бойына жарықсыз қалған, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, 41 пәтерде барлығы 123 адам тұрады. Олар жылу болмаса да үйлерінен кетпеген, тұрғындарға тоңбауы үшін жылытқыш құралдар жеткізіліп берілген. "Қазіргі кезде пластикалық тұрбаларды ауыстыру және жылыту жүйесін қыздыру жұмыстары жүргізілуде" деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, қолайсыз ауа айы кезінде өңірде14 елді мекен де электр жарығынсыз қалып, "БҚО электр желілерін тарату компаниясы" АҚ ақауды қалпына келтірген.
Құралай Қуатова