БҚО-да қатып қалған 21 киіктің өлексесі табылды

591

Батыс Қазақстан облысында өзенде қатып қалған 21 киіктің өлексесі табылды, деп жазады inbusiness.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.  

БҚО-да қатып қалған 21 киіктің өлексесі табылды Фото: inform.kz

Қазталов ауданы Көктерек және Жұлдыз ауылдары арасында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Батыс өңірлік филиалынан алынған мәліметке қарағанда, киіктер Көктерек ауылдық округіне қарасты Қаратай қыстағы тұсында Сарыөзеннен шыға алмай, қатып қалған.

Бұлардың біреуі – теке, жетеуі – аналығы, қалғаны – биылғы лақтар.

"Киік өлекселері "Охотзоопром" мен "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты, Жалпақтал полиция бөлімі учаскелік инспекторлары, жергілікті әкімдік және аумақтық ветеринария қызметкерлерінің қатысуымен мұздан шығарылып, сол маң тазартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу