Батыс Қазақстанда кен орнына жақын орналасқан ауыл халқы көшірілетін болды

142

Бәйтерек ауданына қарасты Петрово ауылын көшіру жоспарланып отыр.  

Батыс Қазақстанда кен орнына жақын орналасқан ауыл халқы көшірілетін болды Фото: azh.kz

Бұл ауыл Рожков мұнай-газ кен орнының маңында орналасқан.

Ресми түрде санитарлық аймақта болмаса да, жергілікті билік тұрғындарды олардың қалауы бойынша көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

– Петрово ауылында 16 отбасы, оның ішінде бір көпбалалы отбасы тұрады. Тұрғындарды Январцево ауылына көшіру үшін жаңа үйлер салу көзделген. Жобаға 300-350 миллион теңге қажет. Қазіргі уақытта құрылыс үшін жер бөлу мәселесі қарастырылып жатыр, ал қаржыландыруды облыстық әкімдіктен сұрау жоспарланып отыр, – дейді Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов.

Бұл жағдай 2014 жылы Березовка ауылының тұрғындарын көшіру оқиғасын еске салады.

Ол кезде Қарашығанақ кен орнынан тараған зиянды қалдықтардың салдарынан балалар мен ересектер жаппай ауруханаға жатқызылып, билік ауылды Ақсай мен Аралталға көшіруге мәжбүр болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу