БҚО-да киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды

1626

Өткен жылғы санақ бойынша Батыс Қазақстан облысында 135 мың киік бар. 

БҚО-да киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды

БҚО-да өткен жылы заңсыз киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалса, биыл осындай екі оқиға анықталған, деп хабарлайды 24.kz.

Елімізде киіктердің басымы Бетпақдала, Үстірт және Еділ-Жайық популяциясы кездеседі. Саны жағынан ең көбі – соңғысы.

Өткен жылғы санақ бойынша Батыс Қазақстан облысында 135 мың киік бар. Олар негізінен Қазталов және Жәнібек аудандарын мекендейді. Алайда қыстың қаттылығы, қардың мол түсуі бөкендердің биыл үдере көшуіне себеп болыпты. Күні бүгін жануарлардың дені Нарын құмының оңтүстік бетіне, Атырау облысының Индер, Махамбет аудандарына ауған.

Оңай олжа іздеген браконьерлерден бөкендерді қорғау үшін қосымша жедел топтар құрылыпты. Егер өткен жылы заңсыз киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалса, биыл осындай екі оқиға анықталған.

"Қазіргі таңда жол талғамайтын көліктермен жабдықталған 48 инспектор бар. Қарда жүретін 8 техника бар. Биылдан бастап жедел топ жасақталып жатыр. Ол топтар да қорғау саласына қосылады", –  дейді "Охотзоопром" РМК Орал өңірлік филиалының басшысы Дархан Саматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу