БҚО-да киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті

462

Тіркемеде 20 тонна киім-кешек болған.

БҚО-да киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті Фото: видео скриншот

Батыс Қазақстан облысында 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті. Оқиға Теректі ауданы аумағында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz БҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

"Сағат 17.03-те 101 телефонына Самара-Шымкент тас жолының 311-шақырымында жартылай тіркеменің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде DAF маркалы жүк көлігінің жартылай тіркемесі және 3 га аумақта құрғақ шөптің отқа оранғаны анықталды. 25 жастағы қырғызстандық жүргізуші Қырғыстаннан Мәскеуге бара жатқан. Тіркемеде 20 тонна киім-кешек болған. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен (14 адам, 3 техника) сағат 20.45-те оқшауланып, 21.52-де ауыздықталды. Қазір оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын анықталу үстінде. Зардап шеккендер жоқ", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу