БҚО-да қоғамдық көліктер біртіндеп электрондық төлемге көшпек

1113

Орал қаласында 17 маусымнан бастап екі автобуста жолақыны кәртішке арқылы төлеу пилоттық жоба ретінде енгізіледі, ал 1 қыркүйектен бастап барлық қоғамдық көлік "Avtobys" қосымшасы арқылы есеп айырысады, – деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

БҚО-да қоғамдық көліктер біртіндеп электрондық төлемге көшпек

Бұл қызметті бұған дейін Қазақстанның бірқатар, соның ішінде, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізген "Smart Qala" IT-компаниясы жүзеге асырмақ. Жаңа жүйе құрылғылары автобустарға тегін орнатылады. Бұдан бөлек, қоғамдық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерге бюджеттен 2,5 млрд теңге көлемінде субсидия берілмек. Бұл қаражат автопаркті жаңарту үшін қажет.

"Қаладағы автобустар қатты ескірген. Қазіргі күні 10 жаңа автобус алдық, жылдың соңына дейін 120 көлік аламыз деп жоспарлап отырмыз", – деді Орал әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласында қоғамдық көлікте дифференцияланған тарифті енгізуге автобус жүргізушілерінің қарсылық білдіргенін жазғанбыз.

Орал қаласында тасымалдаушы компаниялар жаңа жүйенің қажеттіліктен туындаған түсініп отыр. Дегенмен, қалада электронды төлем ақысы бірден енгізілмепті. Бұған дейінгі тәжірибе пандемия кезінде автобусқа мінетін жүргіншілер саны күрт азайып кеткендіктен сәтсіздікке ұшыраған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу