Бөрлі ауданының Ақсай қаласында полиция қызметкерлері түнгі клубтардың бірінің қасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құқық бұзушы Ақсай қаласының тұрғыны Асет Кенесов екені анықталды.
Сот шешімімен ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу