БҚО-да көктемде су тасқынынан үйлері қираған тұрғындар әлі баспанасыз отыр

597

"Қазақстан халқына" қоры есебінен салынуы тиіс 30 үйдің 4-і ғана қолданысқа берілген. Қазір, еріген қар суынан болған тасқыннан үйлері қирап қалған тұрғындар сарайларды паналап, қолдан жасалған пеш жағуға мәжбүр.

БҚО-да көктемде су тасқынынан үйлері қираған тұрғындар әлі баспанасыз отыр

Батыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасындағылардың мәліметінше үйлердің құрылысы жылыту маусымы басталғанға дейін салынып бітуі тиіс еді. Осылайша қазан  айында Жанғалы ауданындағы Жақсыбай және Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылының тұрғындары жаңа үйлеріне кіруі керек болатын. Алайда дайын үйлерді қолданысқа беру мерзімі қараша айына жылжыған. Құрылыс ведомствасы өкілінің айтуынша, ауыл тұрғындарына арнап салынатын үйлердің құрылыс барысы "Қазақстан халқына" қоры тарапынан бөлінетін қаражаттың кешеуілдеуіне байланысты созылып кетті. Оның үстіне аудандарға техниканың жетуіне қолайсыз ауа райы кедергі келтірген, деп жазады inbusiness.kz.

БҚО Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Молдашев 2022 жылдың сәуір айында еріген қар суы Жанғалы ауданындағы Жақсыбай және Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылын алып кетті. Салдарынан шалғын ауылында саманнан тұрғызылған 23 үй мен ауылдағы негізгі мектеп, ал, Жақсыбайда 7 үйге қирап қалды. 

Қазір бұл қираған үйлердің орнына "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының қаражатына Жақсыбай ауылында  3 екіпәтерлі және 1 бірпәтерлі үй (195,2 млн теңге) және Шалғын ауылында 23 бірпәтерлі үй (590,3 млн теңгеге) салынуда. 

"Жақсыбай ауылында "Жайық сити" ЖШС, Шалғын ауылында "Жиенбай" ЖШС" үй салуда. Мердігерлер құрылыс жұмыстарын жаздың соңында өз қаражаты есебінен бастаған. Бұл компаниялар мен БҚО Құрылыс басқармасының арасындағы келісім тек 2022 жылдың қыркүйек айында ғана жасалды. Биыл қыркүйек айында мердігерлер "Қазақстан халқына" қорынан траншпен қаражат ала басталы. Құрылыс аяқталғанша, қызыл судан үйі қираған тұрғындар кейбірі қалада, кейбірі ауылдардағы сарайларда тұрып жатыр", дейді Нұркен Молдашев.

БҚО бойынша құрылыс басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың қараша айының бірінші онкүндігінде шалғын ауылында 23 үйдің, 17-і 100% дайын болды, оның 2-нде тұрғындар қоныстанған, 15-і-әрлеу жұмыстары аяқталып, қабырғаларды құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр, келесі аптада отбасыларды қоныстандыру жоспарлануда. Қалған 6 үй бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақсыбай ауылында барлық 7 үй бойынша дайындық-80%, қолайсыз жағдайларға байланысты құрлыс жұмыстары мерзімінен кешігуде. Құрылыстың аяқталуы 2022 жылдың қараша айының соңына жоспарланған. Бастапқыда жергілікті билік жылыту маусымы басталғанға дейін барлық үйлерді қолданысқа бермек болған еді, алайда бұл іске аспады. 

"Жалпы, барлық үйлердің құрылысы қаржыландырудың болмауына байланысты созылды. Қазір "Жиенбай" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттырды. "Жайық сити" ЖШС-нің құрылысы ауа-райының қолайсыздығына және құрылыс материалдарын кентке жеткізуделегі қиындықтарға байланысты созылып жатыр. Бірақ 25 қарашаға дейін біз барлық үйлерді аяқтаймыз", - деп уәде берді Нұркен Молдашев. 

Журналистердің су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуды қаржыландыру туралы шартқа қол қою мерзімінің кешеуілдеуіне қатысты сұрақтарына Молдашев бірнеше ай ішінде құрылыс басқармасы үйлерге тексеру жүргізіп, ақаулы актілер жасағанын айтты. Содан кейін мамандар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындады.

"Біз осы құжаттарды "Қазақстан халқын" қорына тапсыру үшін ЖСҚ шығуын күттік. Маусым айында біз "Қазақстан халқын" қорына барлық құжаттаманы келісуге жібердік. Тек қыркүйекте ғана олар шарт жасасып, үйлердің құрылысына алғашқы траншты ала алды", - деп түсіндірді БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

Ол қазір "Жиенбай" ЖШС Шалғын ауылында тасқын су басқан мектептің құрылысын салып жатқанын айтты. Жұмысшылар кірпішпен қабырғаларды қалауда, жұмыстар 25% орындалды.

15-20 қарашада олар мектепті 2022 жылы бітіре ме, әлде оны тапсыру мерзімі 2023 жылдың мамыр-маусымына ауыстырыла ма сол жағы анық болады. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ол бойынша шарт сомасы-750 млн теңге.

Қазір Шалғын негізгі мектебінің балалары – бұл 41 адам-жергілікті Мәдениет үйінің  ғимаратында оқып жатыр, онда кабинеттер оқушы сыныптарына бейімделген. Шалғын негізгі мектебінің директоры Мұрат Құлбатыров журналистерге су тасқынынан саман үйлері қирап қалған отбасылар өз үйлерінің аулаларында-сарайларда тұратынын айтты. Оларда газ жоқ болғандықтан, көбісі сарайларына пеш салып, соған тамақ пісіріп, жылынып отыр. Тұрғындар қыстың қақаған аязы басталғанша жаңа үйлеріне қоныс аударамыз деп үміттеніп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу