31 тамызда сағат 05: 19-да Орал қаласы , Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер осы мекенжай бойынша көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатында қосалқы үй-жай өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт шамамен 60 шаршы метр аумақты қамтыды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам , оның ішінде 2 бала құтқарылды, 27 адам , оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен жану өнімдерімен улану белгілері бар 1973 жылы туған ер адамның денесі табылды, сондай-ақ 1979 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Сондай-ақ 1965 және 1937 жылы туған 2 адам орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану диагнозымен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің 68 өрт сөндірушісі мен
20 бірлік техникасы жұмыс істеді.
Тілсіз жау сағат 06.09-да оқшауланып, сағат 06. 34-те толығымен сөндірілді.
Өрттің себебі анықталуда.