БҚО-да қосымша шектеулері енгізіледі

486

27 маусымда сағат 00: 00-ден 2020 жылғы 29 маусымда сағат 00.00-ге дейін облыста адамдардың жүруі шектеледі. 

БҚО-да қосымша шектеулері енгізіледі

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Егер жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болса, тек тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайтуға, тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын жерде тамақ, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, төтенше жағдайда медициналық ұйымдарға бару,  тұрғылықты жердің қасына үй жануарларын шығаруға рұқсат етіледі.   

Сондай-ақ жасы 65-тен асқандарға көшеге шығуға шектеу қойылады.       

Сонымен қатар, облыста үйдің жанындағы дүкендерден басқа сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, бөлшек сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады.         

Қоғамдық көліктер, саябақтардың, алаңдардың, жағажайлардың  және басқа да демалыс орындары мен фитнес-орталықтардың,  басқа да спорт нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылады.

Батыс Қазақстан облысында сәрсенбідегі жағдай бойынша коронавирустың 1 мың 221 жағдайы тіркеліп, 826 адам жазылып шыққан.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу