БҚО-да құны 1 млрд теңге болатын тауар мемлекет меншігіне өтті

1343

Тауар 15 жүк көлігіне тиелген.  

БҚО-да құны 1 млрд теңге болатын тауар мемлекет меншігіне өтті

Батыс Қазақстан облысында құны 1 млрд теңге болатын тауар мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы мамырда БҚО бойынша МКД-нің қызметкерлері "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде 10-нан аса атауы бар декларацияланбаған тауар тиелген 15 жүк көлігін тоқтатқан.

"Қазақстаннан (Алматы қаласынан) Ресейге (Пенза облысына) тауарларды SERTTRANS компаниясы жіберген. Ұсталған тауардың жалпы құны – 1 млрд 3 млн теңге, жалпы салмағы – 263 мың келі. Жүк көліктерін тексеру барысында тауарларға арналған ілеспе құжаттарынсыз әкетуге тыйым салынған дәрілік заттар, антисептиктер, жеке қорғану құралдары табылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жүкті тасымалдаушы жүк құжаттарын ұсынған, онда жүкті жөнелтуші SERTTRANS ЖШС деп жазылған. Бірақ бұл компания ЭШФ АЖ жүйесінде болмаған.

"Іс жүргізу барысында SERTTRANS ЖШС-нің ұсталған тауарға қатысы жоқ екені анықталды. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі Алматы қаласы МАЭС-тің 2020 жылғы 13 шілдедегі шешіміне сәйкес жарамсыз деп танылды", - деп жазылған хабарламада.

Алайда үшінші тұлғалар тарапынан жасалған тасымалдау шарты мен сатып алу-сату шартының болуын уәждей отырып, ұсталған тауарға меншік құқығын мәлімдеу әрекеті жүргізілді. Осыған байланысты БҚО және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері бірлесіп, аталған шарттарды жарамсыз деп таныды, сот актілері заңды күшіне енді.

"Департамент үшінші тұлғалардың сот актілерімен болған талаптарды алып тастап, Орал қаласы №2 сотына ұсталған тауарды иесіз деп тану және оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы өтінішпен жүгінді.

2022 жылғы 22 ақпандағы соттың шешімімен департаменттің  талаптары толық қанағаттандырылды", - деп жазылған хабарламада.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу