БҚО-да құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық бойынша айыпталып отыр

495

Ол элиталық санатқа жататын тұрғын үй салып беремін деп Орал тұрғынын алдап келген.  

БҚО-да құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық бойынша айыпталып отыр Фото: newsorel.ru

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, құрылыс компаниясының басшысы Орал қаласының тұрғынынан ірі көлемде ақша алған, деп жазады inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Келісім бойынша ол қаражатқа таунхаус салынуы тиіс болыпты.

"Құрылыс компаниясының директоры өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, қыркүйек айының соңына дейін 53 жасар Орал тұрғынын алдап келген. Ол таунхаус салып беремін деп азаматтан 21 млн теңге алған. Элиталық санаттағы тұрғын үйді де, ақшасын да ала алмаған ер адам полицияға жүгінді", - дейді полиция өкілдері. 

Құрылыс компаниясының бастығына қатысты ҚРҚК 190-бабы, "Алаяқтық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу