БҚО-да қылмыстық топ мүшелері ұсталды

787

Олар адамдардан ақша талап етіп, көліктерін тартып алумен айналысқан. 

БҚО-да қылмыстық топ мүшелері ұсталды

БҚО полицейлері бопсалаумен айналысатын қылмыстық топты қолға түсірді. Әзірге Орал қаласының үш тұрғыны құрықталып отыр. Бұл жөнінде аталған органның баспасөз қызметі әлеуметтік желілерінде жариялады.

БҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы тұру басқармасының қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ұйымдасқан қылмыстық топ адамдардың көлігі мен ақшасын тартып алумен айналысады. Қазіргі күні қолға түскен үш жігітке байланысты екі эпизод анықталған. Оның біріншісінде, күдіктілер Бәйтерек ауданындағы жанар-жағар май стансасының жанында Орал қаласында тұратын азаматқа тиесілі көлікті тартып алмақ болады. Одан арада тағы бірнеше күн өткенде осы аудан тұрғынының автокөлігін заңсыз иемденіп алмақ болған. Бұдан бөлек, олардың 1986 жылғы Орал тұрғынынан 1 750 000 теңге ақша талап етіп, пышақпен қорқытып, жарақаттағаны да белгілі болып отыр. 

Аталған деректерге байланысты ҚР ҚК бірқатар бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу