БҚО-да "қыз алып қашқандар" көлік апатына ұшырады

548

Көліктер жолға атып шыққан үш жылқымен соқтығысқан.

БҚО-да "қыз алып қашқандар" көлік апатына ұшырады

Оралда көлік жүргізушісі үш жылқыны қағып кетіп, апаттан бес адам зардап шекті. Көліктегілердің бір бойжеткенді "алып қашып" келе жатқан беті екен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Оқиға 30 тамыз түнгі сағат 22:30-да болған. Бөрілі-Ақсай-Жымпиты автожолының 27 шақырымындағы Пугачев елдімекенінің маңында келе жатқан "LADA Priora" көлігінің 21 жасар жүргізушісі трасса бойына атып шыққан үш жылқыны қағып кетеді.

"Жол-көлік апатының салдарынан төрт адам зардап шекті, төртеуі жансақтау бөліміне, біреуі хирургиялық бөлімшеге жатқызылды", – деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.

Белгілі болғандай, жол апатына екі бірдей автокөлік ұшыраған. Оларда жалпы саны 11 адам болған. 2001, 2002 және 2003 жылғы қыздар, сондай-ақ, 2003 жылғы жігіт – бәрінің милары шайқалған, денелері көгерген. Төртеуі де жансақтау бөлімінде. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса мойын бөлігі сынған 1999 жылғы жігіт хирургиялық бөлімге жатқызылып, денесі көгерген 1999, 2000, 2002 және 2003 жылғы екі жігіт амбулаторлық ем алуға жіберіледі. Одан бөлек, 2000 жылғы жас жігіт дәрігерге қаралудан бас тартқан. 

Оқиғаға  байланысты ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ, жастардың "қыз алып қашып" келе жатқаны мәлім болып отыр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу