БҚО-да қызылша жұқтырғандар көбейіп жатыр

482

Жыл басынан бері өңірде 72 жағдай тіркелген.

БҚО-да қызылша жұқтырғандар көбейіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Батыс Қазақстан облысында қызылша инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз. Бұл туралы аймақтың бас санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаев айтты, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

17 қазандағы жағдай бойынша қызылша 72 науқаста расталды. 17% жағдайда ауруды жұқтырғандар – бір жасқа толмаған нәрестелер. Тағы 49,2%-ында 1 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.

"Науқастардың 63,3%-ы екпеден бас тарту, медициналық қарсылық, жоспарлы вакцинация жасына жетпеу себебінен қызылшаға қарсы егілмеген. Жұқтырғандардың 43,6%-ы ұйымдастырылмаған балалар болса, 4,2%-ы – мектепке дейінгі мекемелердің балалары, 16,9% – оқушылар, 1,4% – студенттер", - деді Мұхамғали Арыспаев.

Қызылша ауруы көп жағдайда облыс орталығында тіркеледі. 43% жағдайда науқастарға ауру отбасы мүшелерінен жұққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу