БҚО-да мас тұрғын ауылдасын өлтірді

1151

Қайғылы оқиға Серебряково ауылында болған.  

БҚО-да мас тұрғын ауылдасын өлтірді

Батыс Қазақстан облысында полиция адам өлтірді деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

54 жастағы ер адам үйінде 40 жастағы танысымен ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал шығып, қонақ үй иесін ұрып-соққан. Кейін күдікті оқиға орнынан кетіп қалған.

Ертеңінде ол ауылдасына қайтып келіп, оның есінен танып жатқанын көрген. Ауыл тұрғыны жедел жәрдем шақырған. Алайда жәбірленуші ауруханаға барар жолда көз жұмған.

"Сол күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу