БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды

953

Оған коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған.  

БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында мәслихат депутаты Катауолла Ашығалиев бүгін короновирус пневмониясынан қайтыс болды. Оның диагнозы 12 сәуір күні расталған екен, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"Агрофирма "Ақас"  ШҚ басшысы, БҚО мәслихат депутаты Қатауолла Ашығалиев 74 жасында өмірден озды. Жерлестері оның жасаған игі істерін айтып, жылы сөздермен еске алуда. "Соңғы төрт күнде ол облыстық көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінде болды. Өкпесі 25 пайызға дейін қабынған. Науқаста бұдан бөлек қант диабеті мен гипертония да болды. Қажетті ем алғанына қарамастан, тыныс алу жеткіліксіздігінен қайтыс болды", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасынан. 

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбсары Нұрлыбек Мұстаев БҚО-да сәуір айында 3 мыңға жуық адам індет жұқтырғанын және тек соңғы аптада дертті жұқтыру көрсеткіші 34 пайызға өскенін айтқан болатын.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу