БҚО-да маторлы қайықпен кісі басып кеткен жеткіншек сотталды

567

Сот Артем Крыловқа бір жыл берді.  

БҚО-да маторлы қайықпен кісі басып кеткен жеткіншек сотталды

БҚО-да жабық режимде өткен сот отырысында Артем Крыловқа үкім шығарылды. Естеріңізге сала кетсек, 17 жасар жеткіншек 6 маусым күні кешкі сағат 22.15 сағат шамасында Шаған өзенінде маторлы қайықпен суға шомылып жатқан Екатерина Ананьеваны басып кеткен еді. Оқиға соңы қайғылы аяқталып, 40 жастағы әйел сол жерде көз жұмған.

Айыпталушының жасы кәмелетке толмағандықтан, қылмыстық істі жасөспірімдер соты қараған. Тергеудің өзі бірнеше айға созылған іс бойынша Артем Крылов ҚР ҚК 104 "абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша айыпталды. Судья Жанар Ешпанова оны осы бап бойынша кінәлі деп тауып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленуші тарап оған кешірім берген болатын. Ал 5 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында ол қамауда болып, одан кейін қолхат арқылы бостандыққа шықты. Артемнің әкесі Валерий Крылов – өңірде кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жақсы танымал.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу