БҚО-да медбике адамдарды жалған құжатпен емдеп келіпті

876

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық ауруханасының медбикесінен жалған диплом анықталды. Ол осы құжатпен он жыл бойына жұмыс істеп келіпті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

БҚО-да медбике адамдарды жалған құжатпен емдеп келіпті

Бұл жөнінде аудандық аурухананың басшысы анықтап, полицияға хабарлаған. Белгілі болғандай, ол 37 жастағы әйел жұмысқа тұруға келген кезде құжатының жалған екенін біледі. Медбикенің еңбек өтілі 2012 жылдан басталады. 

Қазіргі күні медициналық білім туралы "жалған" құжатты кімнің жасап бергені анықталып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385 бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу