БҚО-да "Мейірімді көктем" қайырымдылық шарасы басталды

1271

Оралдық кәсіпкер өздері салған көпқабатты жаңа үйден 7 бала тәрбиелеп отырған Бүркітовтер отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

БҚО-да "Мейірімді көктем" қайырымдылық шарасы басталды

Батыс Қазақстан облысында "Мейірімді көктем" қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Мақсат – мұқтаж жандарға қолдау көрсету.

Акция аясында өңірдегі кәсіпкерлер мен мекеме-ұйымдар қамқорлыққа зәру отбасыларға жәрдемдеседі.

Оралдық кәсіпкер өздері салған көпқабатты жаңа үйден 7 бала тәрбиелеп отырған Бүркітовтер отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы 16 жыл бойы пәтер жалдап келген. Үйде отағасы ғана жұмыс істейді. Балаларының алды 10 сыныпта оқиды, кенжесі небәрі 2 жаста.

Қаланың қақ ортасындағы бұл көпқабатты үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу