БҚО-да мектептің төбесі опырылып түсті

1042

Бір қабатты ғимаратта информатика кабинеті мен спорт залының төбесі ішінара опырылып түскен. Аумағы 60 шаршы метрді құрады. 

БҚО-да мектептің төбесі опырылып түсті

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Сарықұдық ауылында мектептің төбесі құлап түсті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 20.40-та болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір қабатты ғимаратта информатика кабинеті мен спорт залының төбесі ішінара опырылып түскен. Аумағы 60 шаршы метрді құрады. Көктемгі демалыс уақыты болғандықтан, ғимаратта оқушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

1977 жылы салынған мектептің жалпы аумағы – 624 шаршы метр. Ғимарат 2015 жылы апатты жағдайда деп танылған. Аудан әкімдігінің деректері бойынша, мектептің орнына жаңасын салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол сараптамадан өтіп те қойған.

Облыстық ТЖ департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев бүгінгі жиында мәлім еткендей, биыл өңірде қардың көптігінен барлығы 29 ғимараттың шатырына нұқсан келіпті. Олардың барлығы салынғанына 40-50 жыл болған ескі үйлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу