БҚО-да мұз жару жұмыстары басталды

278

Батыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында мұз жару жұмыстары басталды.  

БҚО-да мұз жару жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Мамандардың айтуынша, өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы бір метрге жетіп қалған. Апта соңына дейін тасқын қаупі бар 6 ауданда осындай шаралар жалғасады. Бұған бюджеттен 35 миллион теңге бөлінді. Қазір су басу қаупі бар 147 елді мекен мен 50-ге жуық жол бақылауға алынды.

"Гидрометреологиялық жағдай бойынша мониторинг күнделікті жүргізілуде. Облыстық өзендер бойынша нақтыланған гидроболжамды күтудеміз. Осы бір-екі күнде келуі керек. Сонымен бірге мына Ресей федерациясынан наурыз айының бірінші онкүндігінде алдын ала гидроболжамды трансшекаралық өзендер бойынша алдын ала күтіп отырмыз", - деп мәлімдеді ТЖД басқарма бастығы Нұралы Мусиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу