Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылдық округі маңында жабайы аққулар көл бетінде қатып қалған жерінен құтқарылғаны жөнінде Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалған. Тұрғындар құстардың айналасындағы мұзды жарғанмен, оларды алып шыға алмаған. Құстар түнге қалса одан сайын тоңып, мұзға жабысып өліп қалу қаупі төнді. Оқиға орнына БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ нөмірі 21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды құтқарды", – дейді өңірлік ТЖД.
Оларды көктемге дейін үй-жайларда қалдыру мәселесі шешіліп жатыр.