Батыс Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қайта бағалау есебімен 162,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2016 жылғы тиісті кезеңге 79,7 % құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлады.
Инвестициялардың технологиялық құрылымының 45,1%-ын ғимараттар мен имараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 30,8 %-ын - машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 24,1%-ын – басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде инвестициялық салымдардың 73,4% өнеркәсіпке, 12,5%-жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 1,6%-көтерме және бөлшек саудаға бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (74,5 млрд теңге), Зеленов (41,6 млрд теңге) аудандарында және Орал қаласында (33,6 млрд теңге) байқалады.