БҚО-да "Нұрлы жермен" ТҚЖБ салымшыларына 1,1 мың пәтер пайдалануға беріледі

853

БҚО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына қаражат жинақтап жатқан 68,6 мың адам бар. Олардың депозитіне жиналған қаражаттың жалпы сомасы 34,6 млрд теңгені құрайды.  

БҚО-да "Нұрлы жермен" ТҚЖБ салымшыларына 1,1 мың пәтер пайдалануға беріледі

БҚО-да "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша ТҚЖБ салымшыларына 1 100 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

БҚО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына қаражат жинақтап жатқан 68,6 мың адам бар. Олардың депозитіне жиналған қаражаттың жалпы сомасы 34,6 млрд теңгені құрайды.  

Айта кетсек, 2014 жылы аймақта  257,1 мың ш.м. тұрғын үй салынған болса, 2017 жылы – 392,2 мың ш.м., ал 2018 ж. нәтижесі бойынша 432,2 мың ш.м. баспана құрылысы бой көтерген.

Тек "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 1 100 пәтері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілетін болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу