Бұл туралы елордада өткен брифингте аймақ басшысы Нариман Төреғалиев айтты.
"Өңірде 503 мың гектар жер пайдаланылмай жатыр деген мәлімет бар. Осыған байланысты 220 мың гектар жерді кері қайтардық. Қалған пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бағытындағы жұмысты жалғастырамыз", – деді аймақ әкімі.
Айтуынша биылдың өзінде пайдаланылмай жатқан 300 мың гектар жердің 87 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
"Шаруашылықтардан пайдаланылмай жатқан жерді алып қою басты мақсат емес. Керісінше сол желерді игеруге мүмкіндік жасауға тырысамыз. Түсіндіру жұмыстары мен мемлекеттің нақты қолдауының арқасында қазірдің өзінде шаруа қожалықтары 103 мың гектар жерді игере бастады", – деді БҚО әкімі.