БҚО-да педофил екі жарым жылға сотталды

1284

Алқабилер 12 жасар қыздың өзін кінәлі қылып шығарған.

БҚО-да педофил екі жарым жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысында он екі жасар қызды зорлады деп айыпталған педофилді екі жарым жылға жас бостандығынан айырды. Белгілі болғандай, қылмыстық іс бастапқыда ҚР ҚК 120 бабаның "кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлау" қылмыстық бабы бойынша көтерілген де, кейін 122 "он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас немесе сексуальдық сиапттағы өзге де әрекеттер жасау" бабына ауыстырылған. Бұған дейін бар болғаны он екі жастағы қыз баланың не жасалып жатқанын жете түсінбегені, зорлықшының соны пайдаланғаны айтылса, іс жаңа бап бойынша қаралғанда зорлық көрген жеткіншек оған өз еркімен келісім берген, физикалық және психологиялық жағынан ерте дамып-жетілгендіктен не болып, не қойып жатқанын жақсы түсінген болып шығады.

"Істі алқабилер соты қараған болатын. Олардың шешімі жасырын дауыс беру арқылы қабылданды, сот шығарылған вердиктке ықпал ете алмайды. Алқабилер құрамына кіретін адамдар күдіктінің жақсы жағынан сипатталғанын мен кішкентай баласының барын жазаны жеңілдетуші жайлар ретінде қолданды", – деп түсіндіреді судья Шара Зайнуллина.

Осылайша, "он алтыға толмаған жасөспіріммен оның өз қалауы бойынша жыныстық қарым-қатынасқа барды" деп қана айыпталған 21 жастағы Анатолий Марченко екі жарым жылға сотталды. Әзірге сот үкімі күшіне енген жоқ және қайта қаралуы мүмкін.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу