БҚО-да пробация шарттарын бұзған 68 сотталушы колонияларға жіберілді

83

Олардың дені тіркеуге келмей, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен шығып кеткен.  

БҚО-да пробация шарттарын бұзған 68 сотталушы колонияларға жіберілді Фото: uzdaily.kz

"Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырыстары жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осындай сот отырыстарының бірінде жазаны өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзған (тіркеуге келмеген, түнгі уақытта тұрғылықты жерінде бірнеше рет болмаған) және қылмыстық құқықбұзушылық жасаған есептегі тұлғаға қатысты пробация қызметінің ұсынуы қаралды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, отырыста сот жазаны ауыстыру туралы шешім қабылдап, сотталған адам нақты мерзімін өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

Биыл Орал қаласы бойынша бұрын шартты жазаға және бостандығын шектеуге сотталған 68 адам жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу