БҚО-да пышақ жарақатын алған оқушы айықты

91

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен оқушы жазылып шығып, қазіргі кезде мектепте білім алып жүр.    

БҚО-да пышақ жарақатын алған оқушы айықты Фото: liter.kz

Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылында бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алған болатын.

– Оқиға болған кезде мектепті директордың міндетін атқарушы басқарған еді. Кейін жаңадан директор тағайындалды. Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп келеді. Оларға ер мұғалім тәлімгер ретінде бекітілген, – деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда қылмыстық іс өндірісте, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу