БҚО-да пышақталған әйел көз жұмды

806

Күдікті ретінде оның күйеуі ұсталды.

БҚО-да пышақталған әйел көз жұмды

Орал қаласында күйеуі пышақ сұғып алды деп күдіктеліп отырған әйел жарақаттан қайтыс болды. Келіншектің артында кішкентай сәбилері алған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Оқиға 19 сәуір күні болды. Полиция қызметкерлері бірнеше жерінен пышақталған әйелді қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Бірақ ол науқасты шоктан шығару палатасында көз жұмады. Ал күдікті ретінде танылып отырған оның күйеуі кешкі сағат 17.00-де қаладағы мұз айдыны сарайының жанында ұсталған. 

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың екеуі де 30 жаста. Ер адам соңғы кезде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман болып жасаған. Алайда бөлім бастығы Жандос Дүйсеғалиевтің айтуынша, ол жарияланған байқаудан өтіп, бір ай ғана жұмыс істеген де, өткен жұма күні өз еркімен қызметтен кеткен. Бұдан бөлек, оның спортпен айналысатыны, волейболдың құрама командасында ойнайтыны анықталған. 

"Қазір "кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының қорытындысы аяқталғаннан кейін жария етілетін болады", - деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бисенов. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу