БҚО-да Ресейден келген 227 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

396

Бұл туралы облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.  

БҚО-да Ресейден келген 227 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Фото: egemen.kz

"Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 232 адам қандас мәртебесін алды. Оның ішінде 5 адам – Өзбекстан азаматы, қалғаны Ресейден келген. Өтініш беру кейінгі үш айда жиіледі. Азамат 90 күннің ішінде азаматтық алып, тұрғылықты мекенжайға тіркеле алады. Барлығы да Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берді",- дейді басқарманың бас маманы Ерболат Сағынов.

Орал қаласында Ресейден келген этникалық қазақтар уақытша тұра алатын орталық жұмыс істейді. Этникалық қазақтарды уақытша орналастыру орталығы Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қыркүйекте ашылған.

Жергілікті атқарушы орган этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне қандас мәртебесін беру туралы шешімді өтініш тіркелген күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде қабылдап, "қандас" куәлігін береді немесе дәлелді түрде бас тарта алады.

Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болса, құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу