Оқиға 4 сәуірде Ақсай қаласында болған, деп жазады inbusiness.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, ауладағы 47 жастағы ер адам көліктің астында жатып, жөндеу барысында 14 жасар ұлынан кабинаға отырып, көлікті іске қосуды және тежегішті басуды өтінген.
– Бұл кезде самосвал қосулы болған. Көлік автоматты түрде жатқан әкесін басып өткен. Ер адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған", – деп түсіндірді ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу