БҚО-да сәулет-құрылыс талаптарын бұзғандарға 19,7 млн теңге айыппұл салынды

448

Аймақта сәулет-құрылыс талаптарын бұзғандарға 19,7 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

БҚО-да сәулет-құрылыс талаптарын бұзғандарға 19,7 млн теңге айыппұл салынды Фото: egemen.kz

БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мәди Отарбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде осылай мәлімдеді. Оны айтуынша, биыл 54 тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жоюға 32 нұсқама берілген. Сондай-ақ, 79 әкімшілік іс қозғалып, соның нәтижесінде 19 млн 794,637 мың теңге айыпұл салынды.

Жыл басынан бері 378 арыз-шағым, соның ішінде 258-і жеке адамдардан, 120-сы заңды тұлғалардан түсті. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда көп.

"Заңнамаға сәйкес сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары берген нұсқамалар Қазақстан Республикасының аумағындағы осы саладағы барлық нысандардың орындауы үшін міндетті. Заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамау немесе толық орындамау ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 462-бабының 3-бөлігінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады, яғни бұл рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз кәсіпкерлік нысанының санатына қарай 5 АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады", - деді М.Отарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу