БҚО-да шаруа мал өсіруге берілген несиені мақсатсыз жұмсаған

1601

БҚО-да шаруа мал өсіруге берілген несиені мақсатсыз жұмсаған

Батысқазақстандық шаруа мал өсіруге берілген несиеге шетелдік көлік сатып алған. Бұл қаражатты кәсіпкер "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" арқылы 5 бас ірі қара, 50 бас ұсақ мал мен жем-шөп сатып алу үшін алған. Мемлекет қаржысының мақсатсыз жұмсалу дерегі "Аграрлық несие корпорациясы" бөлген несиені тексеру барысында анықталды.

"Облыс прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде жоғарыда аталған ұйымдар мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне заңбұзушылықтарды жою туралы несие талаптарын бұза отырып, пайдаланылған ақша қаражаттарын қайтару және кінәлі тұлғаларды әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі туралы ұсыныс енгізілді", – деді  облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры Серік Орынғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу