БҚО-да шаруаның қорасы малымен бірге күлге айналды

706

БҚО-да шаруаның қорасы малымен бірге күлге айналды

Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында малдарымен бірге қора жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудандық ТЖ бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 маусым күні шамамен сағат 16.50-де орын алды. Үй ауласында гараж, сарай, 4 тонна пішен, сондай-ақ қорада тұрған үш бас баспақ, ешкі және 25 тауық отқа оранды. Өрттің жалпы аумағы 190 шаршы метрді қамтыды.

"Тілсіз жауды" №30 өрт сөндіру бөлімі, ауылдағы ерікті өрт сөндіруші жасағы ауыздықтады. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу