БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өткен 3 шетел азаматы сотталды

215

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сотында үш шетел азаматына қатысты үкім шықты. 

БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өткен 3 шетел азаматы сотталды Фото: ҰҚК

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оларға ҚР ҚК 392-бабы 1-1-бөлігі 1-тармағына сәйкес айып тағылды. Сотталушылар 2025 жылғы 3 желтоқсанда шамамен сағат 21.30-да белгіленген тәртіпті бұзып, өткізу бекеттерінен тыс жерден мемлекеттік шекараны әдейі және заңсыз кесіп өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Атап айтқанда, Жәнібек ауданындағы "Қайрат" шекара заставасының №307-308 шекара белгісі маңындағы екі қатарлы сым қоршаудан асып өткен. 4 желтоқсанда шамамен сағат 07.20-да олар Тау ауылына келіп, қараусыз қалған ғимаратта жасырынған. Сол күні сағат 08.30-да жергілікті тұрғын әйелдің хабарламасы бойынша полиция қызметкерлері үшеуін ұстап, Жәнібек аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Сотталушылар тағылған айыпты толықтай мойындап, қылмысты Тәжікстан мен Өзбекстандағы туыстарына оралу үшін жасағандарын жеткізді. Олар өз өмірлеріне қауіп төнгендігін, әскери операцияларға қатысуға мәжбүр болғандықтарын және іс-әрекеттеріне өкінетіндерін айтып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды өтінді.

– Сот үкімімен 2 адамға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Біреуіне 350 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, жалпы сомасы 1 млн 376,2 мың теңге өндірілді. Олардың үшеуі де ел аумағынан шығарылды. Үкім заңды күшіне енді, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу