БҚО-да шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қысқартты

1249

БҚО әкімі өңірде жұмыс жасап жатқан шетелдік компанияларға шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны азайту туралы хабарлады. 

БҚО-да шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қысқартты

Өткен сенбіде жұмыс сапары аясында ҚПО б.в. басшылығымен кездескен облыс әкімі Ғали Есқалиев ең ірі өңірлік жұмыс беруші және салық төлеуші ретінде компанияның облыс экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ облыс әкімі кадрларды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығына қарамастан, қазіргі таңда өңірімізде ІІІ және IV санат бойынша көптеген шетелдік маман жұмыс жасап жатқандығын айтты. 

Өңір басшысы әкімдік тарапынан ІІІ санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны азайту, сонымен қатар IV санаттағы шетелдік жұмыс күшін әкелуге толықтай тыйым салу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. 

"Сіздердің мердігер ұйымдарыңыз электргаздәнекерлеуші, монтаждаушы, бұрғылау жұмыстары бойынша инженер және басқа мамандықтар бойынша ІІІ және IV санаттағы жергілікті кадрларды даярлауы тиіс деп санаймын. Облыс аумағында мамандарды даярлау бойынша ASME алған тренинг-орталықтар бар екендігін есепке алсақ, бұл істі жүзеге асыру әбден болады. Қарашығанақ кен орындары үшін кәсіби қызметкерлерді даярлау үшін тренинг-орталықтарды инвестициялау бойынша қолұшын созуға қашанда дайынбыз", – деп атап өтті кездесу барысында облыс әкімі Ғ. Есқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу