БҚО-да су дамбаны бұзып кетті

808

БҚО-да су дамбаны бұзып кетті

Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылы тұсындағы дамбаны қатты еріген қар суы бұзып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, дамба өткен жылы күзде салынған болатын. Оны кепілдемелік міндеттемелеріне сәйкес мердігер мекеме өз қаражатына қалпына келтіреді. Сонымен қатар облыс әкімі Алтай Көлгінов жобалаушы мекемелерді жауапқа тартуды тапсырды.

Айта кететін жайт, дамба бұзылғанымен, ауданға қажетті жиналған су қоры сақталады.

"Су дамбаны кеше бұзып кетті. Қазіргі кезде құрылысты қалпына келтіру бағытында шаралар алынуда. Жалпы, мұнда 700-800 мың текше метр су қорын сақтауға болады", - дейді Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу