БҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жалғастырылуда

520

Жалпы облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. 

БҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жалғастырылуда Фото: gov.kz

2022 жылы облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды, нәтижесінде 20 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды, 13 мыңнан астам км су бұру арналары және 17 су өткізу құбырлары орнатылды, сондай-ақ автожолдар мен су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жанар-жағармай материалдарының, құм салынған қаптардың, инертті материалдардың (18 мың тонна инертті материалдар, 56 мың қап, 80-ге жуық тонна ЖЖМ) қорлары дайындалды.

Құрамына үш мыңнан астам адам, 700-ден астам бірлік техника, 60 жүзу құралы және 260-тан астам мотопомпа кіретін күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу